Жүйеге тіркеліп, “Admin Tool” бөліміне өтіңіз.
Жоғарғы панельде “OCM” батырмасын басыңыз.
Email бөлімін таңдаңыз.
Add батырмасын басыңыз.
Батырманы басқаннан кейін ашылатын терезеде домендік атыңызды енгізіңіз ( @ таңбасынан кейінгі бөлігі).
SPF, DKIM және DMARC жазбаларын жасау үшін Add domain and generate DNS record батырмасын басыңыз.
Одан кейін көрсетілген домендік атыңызға арналған қажетті баптаулар шығады. Оларды көшіріп алып, қажет жерге енгізуге болады.
Доменге жазбалар енгізілгеннен кейін оны Verify DNS record батырмасын басып, верификациялау қажет.
Ескерту:
DNS жаңартылуы 24 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Верификациядан кейін SPF, DKIM және DMARC жазбалары жасыл белгілермен, сондай-ақ доменнің өзі де белгіленуі тиіс.
Доменді баптағаннан кейін email-таратылымдарын жіберу үшін поштаны жүйеге енгізіңіз. Add & edit alpha names for campaigns батырмасын басыңыз.
Келесі өрістерді толтырыңыз:
Name — Жіберушінің аты. Мысалы: PROXIMA RESEARCH.
Sender email — Хаттар жіберілетін электрондық пошта. Тек @ дейінгі бөлігін енгізіңіз.
Reply email — Жауаптарды қабылдайтын пошта (қалауыңызша).
Country — Жіберуші ел (тізімнен таңдаңыз).
Default — Негізгі жіберуші поштаның белгісі (әдетте бір доменде бірнеше жіберуші пошта болғанда, басымдысы таңдалады).
Enabled — Поштаның белсенділік белгісі.
Енгізілген деректерді сақтау үшін Save батырмасын басыңыз.