Data Change Requests бөлімінде компания қызметкерлері жүйеде жасаған жазбаларды өзгерту сұранымдарының барлығы көрсетіледі.
Әкімші (Administrator) барлық өзгерістерді қарап шығып, оларды қабылдайды немесе қабылдамайды.
Ол үшін:
Жүйедегі Data Change Requests бөліміне өтіңіз.
Барлық жіберілген өзгерту сұранымдарының тізімі бар бөлім ашылады.
Ескерту:
Сұранымдарды төмендегілер бойынша сүзуге болады:
Жүйедегі карточка түрі бойынша.
Жазбаға өзгеріс енгізген пайдаланушының аты бойынша.
Өзгерістер енгізілген күні бойынша.
Қажетті жазбаны ашыңыз (кеңейтіңіз). Өзгерістер енгізілген барлық өрістер көрсетіледі.
Өзгерістердің дұрыстығын тексеріңіз. Өзгерістерді қабылдау үшін
, ал өзгерістер дұрыс болмаса
батырмасын басыңыз.
Тиісті формада әрекетіңізді растаңыз.
Маңызды!
Өрістегі өзгерістерді қабылдамай тастаған кезде, осы өзгерістер не себепті қабылданбағанын көрсету қажет.
Нәтижесінде жүйе өрістегі өзгерістерді қабылдайды немесе қабылдамайды, ал өңделген элемент тізімнен жоғалады.
Ескерту:
History бөлімінде өңделген сұранымдар өзгеріс мәртебесімен бірге көрсетіледі.