Дистрибьюторлық есептілік дистрибьютордың препараттарды қай компанияларға жөнелткенін (жеткізгенін) көру үшін қажет.
Дистрибьюторлық есептілік интеграциясын қосу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
Ескерту:
Пайдаланушы жүйеде Әкімші (Administrator) құқықтарына ие болуы керек.
Жүйедегі Admin Tool бөліміне өтіңіз.
Integrations бөлімінде Sales таңдаңыз.
Интеграция қосу үшін Add батырмасын басыңыз.
Интеграцияны құру формасында:
Интеграция жасалатын елді таңдаңыз.
Сатылымның белгілі бір уақыт кезеңін таңдаңыз.
Деректерді жүйеге қай валютада жүктеу керегін таңдаңыз.
Егер сатылым жоспарларын да жүктеу қажет болса, жоспарларды жүктеу ауыстырғышын (toggle) іске қосыңыз.
5. Өзгерістерді сақтаңыз.
Нәтижесінде жүйе тиісті интеграцияны құрып, оны бұрын жасалған интеграциялар тізімінде көрсетеді.