Маркетингтік науқанды орындау сценарийінің баптауларында келесі ақпаратты енгізу қажет:
Атауы – сценарийдің атауы.
Ескертпе:
Маркетингтік науқан бірнеше сценарий бойынша орындалуы мүмкін. Яғни пайдаланушы бірнеше орындау сценарийін қоса алады.
«Белсенді» ауыстырғышы – егер ауыстырғыш белсендірілсе, сценарий жүйеде белсенді болады және орындалады.
Сипаттама – сценарийдің қысқаша сипаттамасы.
Қолданылу мерзімі – сценарийдің қолданылу мерзімін анықтаңыз. Басталу күні мен аяқталу күні күнтізбеден таңдалады.
Келесі қадам – сценарийді орындау шарттарын жасау. Шарттарды жасау үшін «Келесі» түймесін басыңыз. Осыдан кейін тиісті форма ашылады.