Маркетингтік науқанның жалпы ақпараты қосылғаннан кейін, осы науқанның орындалу сценарийін баптау қажет.
Сценарийде белгілі бір тексеруді қай жерде орындау қажет екені және нақты нені тексеру керектігі анықталады.
Ол үшін «Сценарийлер» қойындысына өтіп, «Сценарий жасау» түймесін басу қажет.
Сценарий жасау процесі келесідей орындалады:
1-қадам – Сценарийді баптау – маркетингтік науқанды орындау сценарийі туралы жалпы ақпарат.
2-қадам – Сценарийдің орындалу шарттарын құру
3-қадам – Тексеруден кейін орындалуы тиіс әрекеттерді анықтау.