«Ұсынылатын қалдықтар» бетінде жазба жасалғаннан кейін жүйе «Тауарлар» қойындысындағы бетті ашады, оған барлық қажетті препараттарды қосу қажет.
Ол үшін:
- «Қосу» түймесін басыңыз.
- Қалдықтарға қосу қажет препараттарды таңдаңыз. Қажет болған жағдайда іздеу өрісін пайдаланыңыз.
- «Қосу» түймесін басыңыз.
Нәтижесінде таңдалған препараттар «Тауарлар» қойындысына қосылады.
- Одан кейін қалдықтағы әрбір тауардың санын енгізіңіз.
Ескертпе:
Қажет болған жағдайда препаратты тізімнен жоюға болады. Ол үшін жою белгішесін
басыңыз.
- Енгізілген деректерді сақтау үшін «Сақтау» түймесін басыңыз.
Келесі қадам – осы ұсынылатын қалдық болуы тиіс мекемелерді таңдау үшін «Сауда нүктелері» қойындысына өту.