Визитті жабу кезінде мекемеге бару мүмкін еместігін көрсететін қате пайда болады.
Бұл қате клиент пен мекеме арасында байланыс жоқ болғандықтан туындайды. Визиттегі Клиент және Мекеме өрістеріне назар аударыңыз.
Келесі қадамда контакті профильін ашып, мекеме мен дәрігердің профилі арасындағы байланысты тексеру қажет (осы мысалда «17 on Loader Guest House» мекемесі мен «Zilioli Domenico» дәрігерінің профилі). Дәрігердің негізгі жұмыс орны мен қосымша жұмыс орындарына назар аударыңыз.

Бұл жағдайда біз «17 on Loader Guest House» мекемесі дәрігердің профиліне қосылмағанын көреміз. Клиент профилінде Өңдеу түймесін басып, Қосымша жұмыс орны бөлімінде мекемені көрсету қажет.
Содан кейін визитті жабуға мүмкіндік ашылады.
Егер визитте көрсетілген мекеме сәйкес келмесе, Мекеме өрісін басып, басқа мекемені таңдауға болады.

Оны таңдағаннан кейін визитті жабу опциясы да қолжетімді болады.